Стокгольмде бес адамды көлікпен басып кеткен өзбек өмірбақи бас еркіндігінен айырылды
Стокгольмде бес адамды көлікпен басып кеткен өзбек Рахмат Ақылов өмірбақи түрме жазасына кесілді. Ол 2017 жылдың сәуірінде өзі айдап әкеткен жүк көлігімен көшеге шығып кетіп, үлкен жылдамдықпен 600 метрдей жүріп өтіп, адамдарды қаққан.
Машинада бутан, шеге, металл қалдықтары, ұстара жүздеріне толтырылған бес канистр болған екен. Алайда, бұл бомба қылмыскер ойлағандай жарылған жоқ. Одан тек көліктің өзі жанып кетті.
Рахмат Ақылов Өзбекстаннан Швецияға 2014 жылы көшіп барып, ықтияр хат пен саяси баспана алмақшы болған. Алайда, 2016 жылы швед үкіметі оны төрт аптаның ішінде елден кетуге міндеттеді. Содан кейін Ақылов ізім-ғайым жоғалып кеткен.
Мадина РАХЫМБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы