Басты Жаңалықтар Сицилия жағалауына бортында 937 мигранты бар кеме жетті

Сицилия жағалауына бортында 937 мигранты бар кеме жетті

Ол Италияның теңіз күзетіне тиесілі. Айта кетсек, таяуда бұл мемлекет  Жерорта теңізінде тұрып қалған 600 босқын үшін өз порттарын жапқан болатын. Ол мигранттарды содан кейін Испания қабылдайтынын жариялады.

Ал, Италияның жаңа басшылығы көпшіліктің сынына ұшырады. Атап айтқанда, француз үкіметі ресми Римнің бұл әрекетін «арсыз әрі жауапсыз» деп атады. Осы мәлімдемеге байланысты бүгін Францияның Римдегі елшісі Италия Сыртқы істер министрлігіне шақырылған.

Мадина РАХЫМБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу