Басты Жаңалықтар Үндістанның Ассам штатында 4 миллионнан астам адам азаматтығынан айырылды

Үндістанның Ассам штатында 4 миллионнан астам адам азаматтығынан айырылды

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында 4 миллионнан астам адам азаматтығынан айырылды. Енді бенгал тілінде сөйлейтін бұл мұсылмандар қамалудан немесе депортацияланудан қауіптеніп отыр.

Айта кетсек, 1971 жылдың наурызында Бангладеш Пәкістаннан бөлініп тәуелсіздігін жариялап, аймақта қырғын соғыс басталды. Сол кезде талай босқын Үндістанға қашып, Ассамнан пана тапты. Ал, бүгінде азаматтығынан айырылып жатқандар - Үндістанда 1971 жылдың наурызына дейін өмір сүргендеріне дәлел келтіре алмаған тұрғындар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу