Ирактың Басра қаласында үкіметке қарсы ереуілден 5 адам қаза тапты
Бейне қолжетімді емес
Ирактың Басра қаласында екі күнге созылған ереуіл полициямен қақтығысқа ұласып, 5 адам қаза тапты. Тағы 16-сы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Соңғы деректерге сүйенсек, жүздеген адам шаһардағы үкімет үйінің алдын жауып, жолдарды бөгеттеп, тас лақтырған. Ереуілшілер елдегі жемқорлыққа және жұмыссыздыққа наразылықтарын білдіріп жатыр. Олар елде ірі реформалар жасап, халықтың тұрмыстық деңгейін көтеруді талап етуде. Ашуға ерік берген халыққа полиция көз жасаурататын газ бен қару қолданды. Құқық қорғаушылардың арасында да жараланғандар бар.
Айта кетсек, жалпы жергілікті тұрғындар биыл мамыр айында болған парламенттік сайлаудың нәтижесіне қарсы. Сондықтан, соңғы айларда елде қақтығыстар жиілеп кеткен.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы