Үндістанда жанармай рекордтық бағаға жетті
Үндістанда жанармай рекордтық бағаға жетіп, оппозиция жаппай ереуілге шықты. Ірі демонстрациялар Керала, Ассам және Батыс Бенгал штаттарында өтіп, соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Соңғы деректер бойынша, ашуға ерік берген ондаған адам тұтқынға алынды. Ереуілдердің кесірінен Бангалор мен Мумбай сияқты ірі қалаларда кеңселер, мектептер, әкімшілік үйлер жұмысын тоқтатып, темір жол қатынасы тежеліп, жолдар жабылған. Халық бағалардың өсуіне ел премьер-министрі Нарендра Модиді кінәлап отыр. Осылайша, оппозиция қолдаушылары тұрғындар арасында үлкен қолдауға ие бола бастады. Айта кетсек, елде парламенттік сайлау 2019 жылына жоспарланған.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы