Басты Жаңалықтар «Apple» мен «Amazon» компанияларының деректері ұрланды

«Apple» мен «Amazon» компанияларының деректері ұрланды

Әйгілі «Apple» мен «Amazon» компанияларының деректерін қытайлық кибертыңшылар ұрлағаны белгілі болды. Бұл туралы «Bloomberg» агенттігі хабарлап отыр. Мәліметтер компьютерлерге арнайы орнатылған чиптер арқылы көшірілген.  

Дегенмен, аталмыш ірі компаниялар бұл мәлімдемені жоққа шығарды. «Apple» «Bloomberg»-тің жария болған ақпараты шындыққа жанаспайды және оған дәлел жоқ деп отыр.

Алайда, жыл сайын зерттеу жүргізетін  тілшілер Джордан Робертсон мен Майкл Райлидің мақаласы 30 ірі компаниялар мен федералды агенттіктердің деректеріне Бейжің тыңшылары ауқымды шабуыл жасағанын дәлелдеген. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу