Басты Жаңалықтар Экономика бойынша Нобель лауреттары анықталды

Экономика бойынша Нобель лауреттары анықталды

Нобель жүлдесін экономика бойынша биыл екі америкалық ғалым Уильям Нордхаус пен Пол Ромер иеленді. Олар экономикалық сараптамаға климаттың өзгеруін және технологиялық инновация енгізгені үшін лауреат атанып отыр. Мұны бүгін Швеция корольдік ғылым академиясының өкілдері мәлімдеді.

Йель Университетінен шыққан Нордхаус - экономика мен климатты түсіндіретін сандық модель ойлап тапқан бірінші адам. Сондай-ақ, бұл ғалымдар экономикалық сараптаманы кеңейтіп, білім мен табиғаттың нарыққа қалай ықпал ететінін түсіндіретін модельдер де жасаған.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу