АҚШ-тың Флорида штатында «Майкл» дауылы күшейіп келеді
АҚШ-тың Флорида штатына «Майкл» дауылы күшті соққы берді. Бір адам қаза тауып, Флоридамен бірге Алабама және Джорджия штаттарында 500 мыңдай үй жарықсыз қалған. Бірнеше қаланы тасқын жайлап, ағаштар құлап, талай үй суға кеткен. 370 мыңнан астам адамға көшуге бұйрық берілді.
Дауылдың қауіптілігі қазір 3-ші дәрежеде. Ал, екпінді желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жетіп отыр. Сондықтан, теңіз толқыны 4,3 метрге дейін көтерілді.
Айта кетейік, бұл тропикалық дауыл осыған дейін Орталық Америка елдерінде 13 адамның өмірін қиды.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00