Түркияның батысында көлік апатынан 19 мигрант көз жұмды
Түркияның батысында жүк машинасы апатқа ұшырап, 19 мигрант қаза тапты. Соңғы деректер бойынша, оқиға Измир қаласында болған. Көлік қалдықтары тасжолдан 20 метр төмен орналасқан құзға құлаған. Оны қазір әлеуметтік желіде тарап жатқан суреттерден анық көруге болады. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, жолаушылардың басым бөлігі шетелдік босқындар. Әзірге мигранттар нақты қай елден екені белгісіз.
Айта кетейік, 2015 жылы Таяу Шығыс пен Африка елдерінен Түркияның жағажайлары арқылы миллионнан астам адам Еуропа елдеріне қашып барған екен.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00