Басты Жаңалықтар АҚШ-та «Мега Миллион» джекпотының құны 1 млрд. долларға жуықтады

АҚШ-та «Мега Миллион» джекпотының құны 1 млрд. долларға жуықтады

АҚШ-та «Мега Миллион» джекпотының құны 1 млрд. долларға жуықтады. Бұл - лоторея тарихында болмаған жағдай. Сейсенбі күні өткен ойынға 4,5 млн. билет сатылыпты. Сол кезде қомақты ақша ұтып алғандар бар. Бірақ, басты ұтысқа әлі ешкім қол жеткізе алмады. Сондықтан, ойын бүгін кешке қайта өтеді. Оған билет алғысы келетіндер ұзынсонар кезекте тұр. Тұрғындардың кейбірі көп ақша ұтып алса, Таитиге демалуға кетуді, ендігі бірі несиесінен құтылуды немесе үй сатып алуды армандайды. Сонымен қатар, мол байлыққа кенелсе, «Санта» болып достарына сыйлық жасауды, дереу жұмыстан кетуге арыз жазуды армандап жүргендер де бар.

Егер бүгін біреудің билетінде 8 сан сәйкес келетін болса, жеңімпазда екі таңдау болады. Оның бірі - 548 миллионды дереу алу, екіншісі - 970 миллион долларды  29 жыл бойы біртіндеп алу. Ал, бұған дейін тек 2016 жылы ғана «Powerball» джекпоты 1,5 миллиардқа жеткен екен.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу