Сидней көшелерін топан су басты
Австралияның Сиднейінде толассыз жаңбырдың соңы алапат тасқынға ұласты. Көшелер өзенге айналғандықтан, жаяу жүргіншілер діттеген жеріне дер кезінде жете алмады. Сонымен қатар, пойыздар тоқтап, ұшақтар әуежайға оралып, жүздеген адам электр жарығынсыз қалды. Талай үй мен көлік суға кеткен. Ал, Жаңа Оңтүстік Уэлс Штатының Төтенше жағдай қызметіне көмек сұрап, жүздеген тұрғын хабарласқан. 15 адам сәтті құтқарылды.
Австралия метеорологиялық бюросының мәліметінше, бірнеше сағаттың ішінде Сиднейге 100 миллиметр немесе бір айдың жауыны түскен. Дегенмен, құрбандар туралы ақпарат жеткен жоқ.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16