Мадрид пен Барселонада такси жүргізушілері шеруге шықты
Испания астанасы Мадридте және Барселона қаласында такси жүргізушілерінің ауқымды шеруі өтті. Акцияға қатысушылар «Убер», «Кабифай» тәрізді интернет-такси қызметтерін қатаң бақылауға алуды және бұл салада әділ бәсеке орнатуды талап етті. Барселонада демонстрацияға жүздеген адам шыққан. Олардың айтуынша, онлайн-таксишілер аялдамаларда тұрмауы керек, клиенттерді көшеден әкетпеуі тиіс және адамдарды тек лицензиясы бар жүргізушілер тасымалдауға міндетті. Мадридте демонстранттар туризм конференциясы өтетін ғимаратқа баратын жолды бөгеп, көлік қатынасын тежеген.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18
БҚО-да 293 шақырым тасжол жөнделіп жатыр
24.09.2026, 20:16
AI-хакатон қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты
24.09.2026, 20:14