Трамп пен Ким Чен Ын келісімге келе алмады
Вьетнам астанасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын арасындағы саммиттің екінші раунды уақытынан бұрын аяқталды. Екі мемлекет басшылары ядролық қарусыздану мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келмеген. Ортақ түскі ас та өткен жоқ. Саммиттен кейінгі баспасөз мәслихатында Трамп Ким Чен Ын санкцияларды толықтай алып тастауды талап еткенін мәлімдеді. Ақ үй басшысының сөзінше, бұл үшін Пхеньян алдымен біржақты түрде ядролық қарудан бас тартуы тиіс. Бұл талап өз кезегінде солтүстіккореялық тараптың көңілінен шықпаған.
Алғаш рет Ким мен Трамп былтыр маусымда Сингапурде кездесіп, Корей түбегін ядролық қарудан тазартуға қатысты жұмысты бастауға келіскен еді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25