Сирияда «ДАИШ» бақылауындағы соңғы ауылдан 6500-ден астам адам көшірілді
Сирияның шығысында «ДАИШ»-тың бақылауындағы соңғы ауылдан 6500-ден астам адам көшірілді. Сонымен қатар, тағы жүздеген содыр қаруын тастап, Сирия демократиялық күштеріне, яғни, күрд отрядтарына берілген. Эвакуацияланған адамдардың көбі – әйелдер мен балалар. Олардың арасында өзбекстандық, түрікменстандық және тағы басқа шетелдік жиһадшылар мен олардың отбасы мүшелері бар. Күрд жасақтары бұл адамдарды елдің солтүстігіндегі әл-Хол деген жердегі лагерге жібереді.
Сирия демократиялық күштері «ДАИШ»-тың қарамағындағы соңғы анклав – «Бағоз» ауылын толық азат етуге жақын. Алайда, «ДАИШ» елдің батысындағы шөлде бір шағын аумақты әлі ұстап тұр. Сондай-ақ, бұл топ өзі айрылып қалған территорияларда партизандық шабуылға кіріскен.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25