Солтүстік Кореяда зымыран полигоны қалпына келтіріліп жатыр
Солтүстік Корея бұзуға уәде берген ракета ұшыратын полигон қайта қалпына келтіріліп жатыр. Спутниктен түсірілген бұл туралы сурет бүгін жария болды. Айта кетсек, осы алаңнан кезінде жерсеріктер ұшырылған.
Пхеньян оны бұзуға былтыр кірісті. Алайда, АҚШ-пен арадағы келіссөздер тығырыққа тірелгенде сол жұмыстар тоқтап қалған.
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен президент Дональд Трамп өткен аптада кездесті. Ол саммитте тараптар Пхеньянның ядролық бағдарламасын доғару, америкалық санкцияларды алып тастау мәселесінде келісе алмады.
Вашингтоннның ескертуінше, Солтүстік Корея атомдық арсеналдан арылуға қадам жасамаса, оған қарсы санкциялар тіпті күшейтіледі.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертектері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
Адал еңбектің түбі – жеңіс
26.11.2026, 17:17
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10