Мозамбикте «Идаи» циклонынан қаза тапқандардың саны мыңға жетті
Тағы жүздеген тұрғын жараланды немесе жоғалып кетті. Бұған қоса, талай ауыл суға кетіп, адамдардың мәйіттері өзенге айналған көшелерде қалқып жүр. Мұны ел президенті Филипе Ньюси осыдан бірер сағат бұрын мәлімдеді.
Жауындатып соққан дауыл Бейра қаласына сағатына 177 шақырым жылдамдықпен жеткен. Сондықтан бұл шаһардың 90 пайызы қирады. Және де мұнда электр сымдары үзіліп, әуежай қызметі тоқтап, жолдар бөгелген. Қазір апат жайлаған аудандарда құтқару операциялары жалғасып жатыр. Ал, Малавиде осы сұрапыл циклоннан 50, Зимбабведе 80 адам опат болған. Бұл екі мемлекеттерде де жүздеген үйді су басып, мыңдаған тұрғын зардап шекті.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22