Судан президенті Омар әл-Башир тұтқындалды
Мұны елдің қорғаныс министрі Авад Мохамед Ахмед ибн Ауф мәлімдеді. Оның айтуынша, Башир қазір қауіпсіз жерде қамауда отыр. Айта кетсек, Суданда мемлекет басшысына қарсы шерулер 16 аптаға созылды.
Башир орнынан түскеннен кейін билік екі жылға армияның қолына өтіп, Ауф Өтпелі әскери кеңестің төрағасы болып тағайындалып, ант берді. Бұған ашынған халық жаппай көшеге шығып, билікті азаматтық әкімшілікке тапсыруды талап етіп жатыр. Наразылық акциясына ондаған мың адам шыққан. «Біз әскери үкіметті қабылдамаймыз», - дейді демонстранттар.
Сонымен қатар, елде үш айға төтенше, бір айға коменданттық жағдай жарияланып, конституцияға уақытша тыйым салынып, Суданның әуе кеңістігі 24 сағатқа жабылған.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18