Ұлыбританияның қорғаныс министрі отставкаға жіберілді
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елдің қорғаныс министрі Гэвин Уильямсонды отставкаға жіберді. Ол Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің Қытайдың Huawei компаниясымен 5G желісін құру туралы келіссөздері туралы ақпаратты заңсыз таратқаны үшін орнынан босатылған. Уильямсонның өзі тағылған кінәні қайта-қайта жоққа шығарып отыр.
Жария болған мәліметке қарағанда, Британия Huawei-дің корольдік аумағында 5G интернет желісін орнату рөлін шектемек болған. Бұған дейін АҚШ Лондонның қытайлық компаниямен ынтымақтасу жоспарына қарсылық білдірген еді. Ресми Вашингтонның ойынша, Huawei ұлттық қауіпсіздік жүйесіне қатер төндіруі мүмкін. Алайда, қытайлық телеком барлаушылармен сыбайлас еместігін үнемі мәлімдеп келеді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18