Үндістан үкіметі циклонға байланысты 800 мыңдай адамды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр
Үндістан үкіметі елдің солтүстік-шығыс жағалауынан 800 мыңдай адамды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Өйткені ол аудандарға «Фани» деген алапат циклон жақындап келеді. Оның жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жетуі мүмкін.
Соңғы мәліметке қарағанда, Одиша штатында 200 мыңнан астам жергілікті тұрғын мен туристер эвакуацияланған. Және де циклон қаупі төнген аймақта мектептер, кәсіпорындар және өзге де ғимараттар, порттар жабылып жатыр.
Айта кетсек, 1999 жылы дәл осы Одишада супер-циклонның соққысынан 30 сағаттың ішінде 10 мың адам мерт болды. Ал, 2013 жылы мұнда халық жаппай көшірілгендіктен, мыңдаған үндістандық табиғи апаттан аман қалған.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18