19 млн баррель мұнай ластанды
Ресейден Еуропаға мұнай жеткізетін «Дружба» құбыры төңірегінде дау жалғасып жатыр. Онда 19 миллион баррель көмірсутегінің ластанғаны сәуірдің 19-да мәлім болды. Алайда, еуропалық өңдеуші зауыттарға сол шығынның құнын кім өтеп беретіні әлі белгісіз.
Ресей бірінші вице-премьері Антон Силуановтың айтуынша, бүлінген мұнай үшін мемлекет өтемақы төлемеуі керек. Бірақ сол құбырдың жұмысына жауапты «Транснефть» компаниясы энергетикалық шикізаттың қасақана ластанғанын алға тартып, өзінің де зардап шегуші екенін атап өтті.
Осыған дейін Қазақстан да «Дружба» құбырында органикалық хлоридтан бүлінген жүздеген мың тонна мұнайы үшін «Транснефттен» өтемақы талап ететінін мәлімдеген еді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18