Иран қордағы уран мөлшері көбейтпек
Алдағы күндері Иран әлем державаларымен жасалған ядролық келісімді бұзуға тағы бір қадам жасайды. Техран 10 күннен кейін қордағы уранының мөлшерін көбейтеді. Мұны бүгін елдің Атом энергиясы ұйымының өкілі Бехруз Камал-ванди мемлекеттік телеарнадан хабарлады. Оның айтуынша, Ислам Республикасы бұдан былай байытылған уранды 300 келіден көп сақтауға құқылы.
Сонымен қатар, Камал-ванди Еуропа Одағы елдерін Иранды АҚШ-тың санкцияларынан қорғауға шақырды. 2015 жылы қабылданған ядролық келісімнен АҚШ былтыр мамырда шығып, бұл елге қарсы санкцияларды қалпына келтірген еді. Ал Техран ол құжаттың кейбір шарттарын орындауды өткен айда тоқтатты.
Арыстан РЫСБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06