Басты Жаңалықтар Мысырдың бұрынғы Президенті Мұхаммед Мурси сот отырысында қайтыс болды

Мысырдың бұрынғы Президенті Мұхаммед Мурси сот отырысында қайтыс болды

Алдын ала болжамға сәйкес, оның жүрегі тоқтап қалған. Жергілікті бас прокуратура сот-медициналық сараптамасын жариялайтынын айтты.

Мұхаммед Мурси 2012-2013 жылдары Египетті басқарған. Дегенмен, әскерилер оның билігін күшпен тартып алып, өзін түрмеге қамады.

Экс-Президентке мемлекетке опасыздық жасады, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, демонстранттарды өлтірді деген айыптар тағылған. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген ол 6 жыл абақтыда отырды. Алайда, Кассациялық сот сол үкімді жоққа шығарып, істі қайта қарауға жіберген.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Бөлісу