Басты Жаңалықтар Польшада техникалық колледж студенттері мүмкіндігі шектеулі құрбысы үшін 3D баспа көмегімен қол жасады

Польшада техникалық колледж студенттері мүмкіндігі шектеулі құрбысы үшін 3D баспа көмегімен қол жасады

19 жастағы Кинга Вавроның туғаннан бұл мүшесі жоқ. Дегенмен, автомеханик болуды шешкен бойжеткенге ол – кедергі емес. Сондықтан, достары протезді оның армандарын ескере отырып дайындаған. Пластик қол көлік жөндеуге қажет жанарғы және бұрандаларға арналған магнитпен жабдықталыпты.

Техникалық ноу-хаудың арқасында Кинга тәжірибелік емтихандарын ұстаздардың көмегінсіз, ойдағыдай тапсырды. Ол жасанды қолмен өзіне деген сенімділіктің артқанын, өмірінің жақсы жаққа өзгергенін айтып, қуанышымен бөлісті.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Бөлісу