Лондонда Ежелгі Мысыр перғауыны Тутанхамонның мүсіні шамамен 5 миллион АҚШ долларына сатылып кетті
Аукцион Мысыр билігінің наразылығына қарамастан өткен. Ресми Каирдың мәлімдеуінше, 3000 жылдық тарихы бар туынды Карнак ғибадатханасынан ұрланып, елден 1970 жылдары заңсыз шығарылса керек.
Тарихи ескерткіштерді мемлекетке қайтару туралы белсенді науқан елде жылдар бойы жүргізіліп келеді. Сондықтан, билік көне жәдігерді саудалаған компания әрекеттерін тергеуді талап етіп отыр.
Дегенмен, "Кристис" аукцион үйі қола туындыны жеке коллекционерден сатып алғанын айтты. Бұған дейін ол Германия, Австрия азаматтарының мәдени құндылықтар топтамасында болған. Сондықтан, компания өкілдері «Күн құдайы Амон бейнесіндегі жас перғауынның «басына» сәйкес құжаттарды көрсете аламыз» деп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06