Испанияның солтүстігін нөсер жауыннан су тасқыны жайлап, бір адам қаза тапты
Зардап шеккен жүргізушінің көлігі күшті ағынға төтеп бере алмаған.
Дүйсенбі күні кешке басталған бұршақ аралас жаңбырдан Тафалья қаласында екі өзен арнасынан тасыды. Соның салдарынан жолдарды су шайып, көше бойындағы машиналар ағып, бір-бірімен соқтығысқан. Сонымен қатар, елдің біраз бөлігі электр жарығынсыз қалды. Апаттан тұрғын үйлер зардап шегіп, негізгі темір жол желісінің жұмысына да нұқсан келген. Және де Памплона қаласында Сан Фермин фестивалі аясындағы бұқалар жарысы доғарылды. Синоптиктердің хабарлауынша, сейсенбіде тағы да жауын-шашын болуы ықтимал. Сондықтан, билік адамдарға үйде қалып, қауіпсіздікті сақтауды ескертіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06