Украинада мемлекеттік тіл туралы заң күшіне енді
Украинада «мемлекеттік тіл туралы заң» күшіне енді. Ол бойынша украин тілі ел аумағындағы жалғыз мемлекеттік тіл болып танылады. Енді мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар тек қана ана тілін қолдануы тиіс. Теле және радио хабарларын тарату басқа тілде де жүруі мүмкін, дегенмен аталған контенттің 75 пайызы мемлекеттік тілде болуы керек. Ал кітаптар, баспа құралдары, газет-журналдар үшін бұл көрсеткіш 50 пайызды құрайды. Жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдар тұтынушыларға украин тілінде қызмет көрсетеді. Ал лауазымды тұлғалардың мемлекеттік тілді білмегені, не оны бұрмалағаны үшін жаза қолданылмақ. Сонымен қатар аталған заңмен тіл үйренгісі келетін ересектер үшін тегін курстар ұйымдастыру да қарастырылған. ![]()
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06