Перудің экс-президенті Алехандро Толедо АҚШ-та тұтқындалды
Бұл туралы елдің бас прокуратурасы хабарлады. Экс-президентке жемқорлық ісі бойынша айып тағылып отыр. Болжам бойынша, ол бразилиялық "Одебрехт" құрылыс компаниясына тендерді жеңіп алуға көмектесіп, одан 20 миллион доллар алған.
Дегенмен, Толедо бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. 73 жастағы экс-саясаткер елді 2001-2006 жылдары басқарды. Ал қылмыстық іс қозғалған соң, ол елден қашып кеткен. Қазір Перу Вашингтоннан айыпталушыны елге экстрадициялауды сұрап отыр.
Бұған дейін атышулы Одебрехт ісі бойынша елдің бұрынғы басшысы Пабло Кучински тұтқындалған еді. Ал тағы бір экс-президент Алан Гарсия полиция тұтқындауға келгенде өзіне қару жұмсап, мерт болған.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06