Түркияның Анталья провинциясында туристік автобус аударылып, 25 адам жараланды
Олардың жетеуі қазір ауруханада жатыр. Дәрігелер үш адамның ауыр халде екенін айтты. Зардап шеккендердің көбі - Польша азаматтары. Олар негізінен әйнек сынықтарынан жараланған. Сонымен қатар, саяхатшылар арасында Ресей, Норвегия азаматтары да бар. Ресейдің Антальядағы бас консулдығы отандастарының дін-аман екенін жеткізді.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Кемер курорттық қала маңында болды. Жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус жолдан тайып, ылдиға құлап кеткен. Дегенмен, апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06