Йеменнің Аден қаласында полиция басқармасы ғимаратының алдында жойқын жарылыстан кемінде 32 адам қаза тапты
Оқиға әскери парад кезінде болған. Сап түзеген сарбаздарға зымыранмен шабуыл жасалды. Қаза тапқандар ішінде саудиялық командир де бар. Айта кетсек, үкімет күштеріне Сауд Арабиясы қолдау көрсетіп жатыр.
Оқиғаға жауапкершілікті хусит-көтерілісшілер өз мойнына алды. Йеменде бұл қозғалыс содырлары мен үкімет арасындағы қақтығыстар 2014 жылы басталды. Ал, 2015 жылы Сауд Арабиясы бастаған коалиция ел билігіне көмекке барған соң, жағдай тіптен ушықты. Қазір хуситтер ел астанасы Сана мен тағы біраз аумақты өз бақылауында ұстап отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06