Студия қонағы - Хамид Карзай
Ауғанстан Республикасының ХІІ Президенті Хамид Карзай «Apta.kz»-ке сұхбат берді.
Еуразиялық Медиа Форумға биыл 50 елден 400-ден астам делегат қатысты. Араларында белгілі саясаттанушылар, экономистер мен медиа саласының майталмандары көп.
Үш күн қатарынан әлемді алаңдатқан мәселелерді жан-жақты талқылағандардың арасында Ауғанстанның 12-ші Президенті Хамид Карзай да бар. Бұрынғы Президент сол медиа форум аясында біздің «Apta.kz» бағдарламасына арнайы, эксклюзивті сұхбат берді.
– Алғашқы сұрағымыз, форумға арналады. Жалпы, медиа форумның мақсаты - Еуропа мен Азияны жалғап, біртұтас ақпараттық кеңістік құру. Бұл ретте осы форум деңгейі қандай? Әлемдік жағдайларды талқылауға қаншалықты ықпалды?
- Қазақстанға, соның ішінде Астанаға кезекті рет келгеніме қуаныштымын. Сонау 2000 жылдардан кейін Сіздердің елдеріңізге келу, жылдан-жылға көркейіп келе жатқан Қазақстанды көру үлкен бақыт.
Ал, Еуразиялық Медиа Форум өте маңызды шара. Бұл жиын Еуропа мен Азиядан әлемнің белгілі тұлғаларын жинау ғана емес, сонымен қатар, олардың тың идеясын, пікірлерін, ұсыныстары мен көзқарастарын талқылайтын алаң.
Бұл кез келген жағдайда бір-бірін жақын түсінуге, терең зерттелген ақпараттарды талдауға және оны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізуге мүмкіндік береді.
– Соңғы 10 жылдағы ең өзекті мәселе – соғыс. АҚШ өз әскерін шығарғанымен, Ауғанстандағы жағдай әлі тұрақсыз. Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы жағдай, Сириядағы соғыс, Еуропадағы терактілер...
Әлем соғыспен қалай күресуі керек? Сіз осы медиа форумда қазіргі әлемдегі соғыс жағдайы, тұрақсыздық – бұл теріс саясаттың нәтижесі деп айттыңыз, сонда саясатты өзгерту керек пе?
– Абсолютті түрде! Халықаралық қоғамдастық, нақтырақ айтсақ, АҚШ пен оның одақтастары тиісті мәселеге назар аударған жоқ. Олар алдымен терроризм мен экстремизмнің қайдан шығып, қалай дамып, қайдан қаржыландырылып, олардың қайда жаттығып, идеологиялық тұрғыдан кімдердің ынталандырып отырғанын іздеулері керек еді.
Бейбіт отырған халық өзінен-өзі соғыспайды ғой. Оның себеп-салдары болады. Соғысқа адам дайындықпен барады емес пе? Осындай әлемдегі тұрақсыздық жағдайында бейбітшілікті сақтауға күш жұмсау, дін мен ұлттарды татулыққа шақырған Қазақстан басшысының бастамасы ерекше дер едім.
Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана Вашингтонда «Әлем. ХХІ ғасыр» бастамасын жариялап, ядролық қауіпсіздік туралы нақты аргументтері мен арнайы манифесін жариялады.
Әлем осыны қолдап, бейбітшілікке бет бұруы тиіс, сонда халықаралық жағдай, аймақтардағы келеңсіздік, оның ішінде Ауғанстандағы тұрақсыздық түзелер еді. Бұл ретте біз, ауған халқы Президент Назарбаевқа алғыс айтуымыз керек.
– Қазір ақпараттық майдан да өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл түйткілді қалай шешеміз? Жалпы, қазіргі түрлі жарияланып жатқан ақпараттар ислам дінінің беделіне нұқсан келтіріп отыр ма? Пікіріңіз қандай?
– Әрине, әрине... Әлемнің бірқатар ақпарат құралдарында «исламофобия» пайда болды. Бұл дұрыс емес. Ислам – бейбітшілікке жетелейтін дін. Исламның атын жамылып, тіл тигізіп, теріс ақпарат таратуы әрине, ислам дінінің беделіне кір келтіруде.
Жалпы, кез келген дінге тіл тигізуге болмайды. Ал, кез келгенді кемсіту, жәбірлеу, экстремизм шаралары ешқандай да исламға жатпайды. Өйткені, ислам түсінісуге, бейбіт қарым-қатынасқа, басқа діндерге қарсы келмейтін, өркениеттікке апаратын дін.
– Қазір әлемдік текетірес бола қалса, бірден санкциялық жүйеге көшу әдетке айнала бастады. Бұл саяси ойын айласы ма, әлде экономикалық тұғырту ма?
– Екеуі де болуы мүмкін және екі жағдайда да бұл қате. Санкциялардың халыққа және қоғамға зияны тиеді. Сондықтан, саясаткерлердің оған көп жүгіне беруі дұрыс емес.
Кез келген түсініспеушілікке бола жуан елдер бірден жазалау амалына көшеді. Дұрыс емес. Өйткені, бұл бейбіт халықтың өміріне әсер етеді, экономикасын құлдыратып, сол елдің сауда-саттық және инвестициялық қарым-қатынасына кесірін тигізеді. Мен толықтай және бар жүрегіммен саяси немесе экономикалық санкцияларға қарсылығымды білдіремін.
– Енді Қазақстан мен Ауғанстан жайлы сөйлессек, екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалай бағалайсыз? Қай салада қарым-қатынасты дамытқан жөн?
– Мен президент болған 10 жылдай уақытта өте жақсы болды. Мен президент болғанда алғаш келген елдің бірі – осы Қазақстан. Президент Назарбаев өзінің бауырластығын танытты, тек маған ғана емес, барлық ауған халқына жан-жақты қолдау көрсетті.
Гуманитарлық көмегін аямады. Қайта құруға атсалысты. Ең бастысы, 1000-нан астам ауған студенттеріне стипендия беріп, Ауған жастарының медицина, инженерия салаларында жоғары білім алуына жол ашты. Сол үшін ауған халқы атынан өте үлкен алғысымды білдіремін.
– Қазақстанның 5 институттық реформаны жүзеге асырып жатқаны туралы білетін боларсыз? Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы қағидаттары мен стандарттарын енгізіп, 30 дамыған елдің қатарына кіруді мақсат тұтамыз. Осы ретте Қазақстанның мүмкіндіктеріне қатысты қандай пікір айтар едіңіз?
– Осыдан біраз жыл бұрын мұнда жағдай басқа еді. Тәуелсіздік алғалы бері қаншама көп жетістікке жеттіңіздер, дамудың үлкен сатыларынан өттіңіздер. Тіпті, Астананың өзіне қараңызшы. Осыдан 10 жыл бұрын қандай еді, бүгін қандай?
Қарқынды дамыған елдің кешегі табысы мен бүгінгі кірісін қараңыз. Қазақстанның халықаралық беделін, басқа елдермен қарым-қатынасын алыңыз. Сіздер талай қиындықты еңсеріп, үлкен жетістіктерге жеттіңіздер.
Соның басты көрінісі – елдегі тұрақтылық, ұлттардың өзара татулығы. Президент Назарбаев – осы тұрақтылықтың және дамудың негізгі факторы. Мен Қазақстанның осы жолдан таймай, экономикада биік белестерге жетіп, халықаралық беделі арта түсетініне сенімін.
– Әлемдегі мұнай бағасы жөніндегі пікіріңізді білгім келеді.
– Менің ойымша, баға тұрақталады, баға тұрақтылығы ортақ мүдде. Тұтынушы үшін де, сатушы үшін де, сатып алушы үшін де ортақ мүдде. Мен экономика, күнделікті құбылып тұрған мұнай нарығы әлі тұрақталады, деп ойлаймын. Ол ОПЕК арқылы немесе басқа да құралдар арқылы реттелетін шара.
– Биыл біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлаймыз, осы ретте Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі қандай? Қазақстан Президентінің көшбасшы ретіндегі орны қандай?
– Ширек ғасырда Президент Назарбаев зор жетістіктерге жетіп, әлемдік сахнада жоғары көтерілді. Оның халықаралық қоғамдастықта алар орны зор, оның айтары бар, оның бастамалары бар.
Соның мысалы ретінде жақында ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін айтуға болады. Онда бейбіт өмірге, өзара татулыққа жетелейтін, ядролық қарудан бас тартып, қырып-жоятын жарылыстардан аулақ болуға шақыратын нақты қадамдар бар. Ол халықаралық саясатта көп көшбасшы бара бермейтін ұлы қадам жасады. Бұл Қазақстан беделін одан әрі арттыра түсті.
– Сұхбат бергеніңізге рахмет!
– Сізге де рахмет!
Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең де қолайсыз ауа райы сақталады
30.12.2025, 20:58
Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
30.12.2025, 20:57
Алматыда қар жоқ
30.12.2025, 20:57
Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50
Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
30.12.2025, 20:48