Бірқатар Араб елдеріндегі болған төңкерістен халық жапа шегіп, ол мемлекеттердің экономикасы құлдырап кетті
Осы аптада халықаралық оқиғаларға арналған тақырыбымызды Араб елдеріндегі жағдайға арнаймыз. Олардың кейбірінде 5 жыл бұрынғы революция азаматтық соғысқа ұласты. Енді бірінде әлі тұрақты үкімет құрылған жоқ. Талай қала күйреді, миллиондаған адам туған жерден босып кетті. Мысыр, Тунис, Ливия, Йемен, Сирия. Бұл мемлекеттер қазір экономикалық қана емес, сұмдық гуманитарлық дағдарысқа душар болып отыр.
Мысыр бірінші тоқсанда туризмнен небары 500 миллион доллар пайда түсірді. Бұл – былтырғы жылдың кірісінен 66 пайызға төмен. Саяхатшылық – ел экономикасының тірегі. Бірақ, 2011 жылғы төңкерістен бері бұл сала әлі оңалмай келеді. Мәселен, революцияға дейін Египетке жылына 14-15 миллион турист барған екен. Ал, биылғы жылдың алғашқы айында Мысыр сырттан 1 миллиондай туристі әрең тартты. Соның салдарынан мемлекет бюджеті миллиардтаған доллар жоғалтып отыр.
Елде мұндай жағдайдың қалыптасуына бес жыл бұрынғы толқулар ғана емес, былтыр қазан айында ресейлік ұшақта теракт жасалып, 224 адамның мерт болуы да себеп.
Сонымен қатар, Синайда радикалдық ұйымдардан төнген қауіп сейілген жоқ. Ондай қарулы топтар қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасап, бомба жарып тұрады. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана «ДАИШпен» байланысты содырлар Каирде шабуыл ұйымдастырып, 8 полицейді мерт қылды.
Махмуд әд-Дәли, жергілікті тұрғын:
Жүк машинасы тоқтай қалды. Сосын одан түскен бетін тұмшалаған үш адам жеңіл машинаға су жаңа автоматтан оқ жаудыра бастады. Полицейлерде қарсылық көрсететін мұрша да болған жоқ. Олардың барлығы бір оқ шығындамастан көліктің ішінде жан тәсілім етті.
Солтүстік Африканың тағы бір мемлекеті Тунисте былтыр экстремистер 4 мәрте шабуыл жасап, ондаған адамды мерт қылды. Мамырдың 4-де сондай қастандықтан 4 полицей қаза тапты. Тунис үшін де туризм – негізгі сектор. Одан түсетін табыс жалпы ішкі өнімнің 8 пайызына пара-пар. Сонымен қатар, саяхатшылық – валюта тартатын басты сала, елді жұмыспен қамтитын ауқымды индустрия.
«Араб көктемі» осыдан 5 жылға жуық уақыт бұрын дәл осы мемлекетте басталды. Одан ес жия қоймаған экономиканы былтыр қонақүйге жасалған шабуылдар тіпті теңселтіп кетті. Содырлар 38 туристі атып өлтіргеннен кейін әлемде Туниске барып тынығамын деушілер күрт азайды.
Салма әл-Лоуми Рекик, Тунистің Туризм министрі:
2015 жылы бізде туризм 26 пайызға құлдырады. Яғни, елімізге 5,5 миллион саяхатшы ғана келді. Биылғы жылға қатысты нақты сандарды атай алмас едім. Дегенмен, жыл соңына дейін былтырғыдай дәрежеде турист тартсақ та шүкіршілік етер едік.
Ресми деректерге қарағанда, 2014 жылы Тунис экономикасы 2,3 пайызға өскен. Туризмнің құлдырауынан былтыр өндірістің дамуы 1 пайызға да жетпеді.
Ал, Ливияда 5 жыл бұрын Муаммар Каддафи билігі құлағаннан кейін саяси бей-берекетсіздік белең алып, қауіпсіздік жүйесі күйреді. Мұндай ахуал Ирак пен Сирияның айтарлықтай бөлігін басып алған «ДАИШке» тиімді болып тұр. Бұл қарулы топ қазір Ливияның 250-шақырымдық теңіз жағалауын қарамағына алып, қарсыластарын батыстан да, шығыстан да, оңтүстіктен де шабуылдап жатыр. Өткен аптада радикалық ұйым Мисрата мен Сирт қалалары аралығында тағы бірнеше елді мекенді басып алды.
Ливияда Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен ұлт бірлігі үкіметі биыл наурызда ғана құрылды. Оған дейін жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде билікке келген парламент шығыстағы Тобрук та отырса, исламшыл ұлттық конгресс ел астанасы Триполиден басшылық етуге әрекет жасады.
Хишам Махмуд, Триполи тұрғыны:
Біз біріккенде ғана қырғынды тоқтата аламыз. Саяси мәселелер қарудың күшімен емес, шын сөзбен шешілуі керек.
Әуес әз-Захв, Триполи тұрғыны:
Өзім енді құрылған Ұлт бірлігі үкіметін қолдаймын. Енді сол кабинет халық үшін жұмыс істесе екен. Әйтпесе, ливиялықтарға банктен ақша алу, дәрі-дәрмек табу мұңға айналды ғой. Сонымен қатар, көшеде қорықпай жүре алмайтын болдық: не полициямыз, не әскеріміз жоқ.
2011 жылдан кейін Йеменде билік ауысып қана қоймай, азаматтық соғысқа жол ашылды. Бүгінде экономикалық қана емес, гуманитарлық дағдарысқа да ұшыраған елдің бір бөлігі Иран жақтаған шиит-хуситтердің, екінші бөлігі Сауд Арабиясы қолдаған үкімет әскерінің бақылауында.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне қарағанда, соғыс кесірінен 2 миллионнан астам тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр. 14 миллион йемендік көмекке зәру болса, 7 миллионы қауіпті аудандарда күн кешіп жатыр. Үш миллион бала мектепке бармайды. Медициналық мекемелердің көбі жұмысын тоқтатқан. Дәрі-дәрімек, азық-түлік, жанармай тапшы. Қарулы қақтығыстардан 6400 адам қаза тауып, ондаған мыңы жараланды.
Нассер Баоуни, Йемен Денсаулық сақтау министрі:
Халықтың тартып отырған зардабы өте ауыр. Азат етіліп, үкімет қарамағына өткен аудандардың өзінде жараланғандардың саны 24 мыңнан асып отыр. Билік бейбіт жоспар әзірлегенше құрбандар қатарының қаншаға жететінін елестетудің өзі қорқынышты. Әлі қаншама адамға протез әзірлейді екенбіз, қаншасы көзден айрылады, қаншасына ота жасауға тиіспіз? Бұның бәрі үлкен трагедия ғой.
Йемен – Араб түбегіндегі ең кедей мемлекет. Мұндағы соғысты аяқтауға және гуманитарлық жағдайды жеңілдетуге бағытталған келіссөздер өткен айда Кувейтте басталды. Бірақ, жауласушы тараптар әзірге бейбіт келісімге қол жеткізе қойған жоқ.
Ал, Сирияның күйі барша әлемге аян. Бұл араб республикасының бір бөлігі «ДАИШтың», бір бөлігі – өзге көтерілісші топтардың, тағы бір территориялары мемлекеттің қарамағында. Бес жыл бұрын басталған соғыстан кемінде 250 мың адам қаза тауып, 10 миллионнан астамы үйлерін тастап кетті. Босқындардың көбі Түркия, Ливан, Иордания, Еуропа асты.
Әлемдік банктің есебіне жүгінсек, алапат соғыс пен батыстың санкцияларынан Сирияның ұлттық қорындағы 18 миллиард доллар 700 миллион долларға дейін ортайған. Және де 95 пайызға дейін көтерілген инфляция деңгейі таяуда 200-300 пайызға жетеді деген болжам бар. Ал, бір доллар революцияға дейін 47 сириялық фунтқа сатылды. Қазір Америка валютасының құны 620 фунттан кем емес.

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең де қолайсыз ауа райы сақталады
30.12.2025, 20:58
Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
30.12.2025, 20:57
Алматыда қар жоқ
30.12.2025, 20:57
Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50
Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
30.12.2025, 20:48