Шымкентте «Мәңгілік даңқ» шеруі ұйымдастырылды
Жеңіс мерекесі оңтүстікте де өз дәрежесінде аталып өтуде. Таңертеңнен басталған кең көлемдегі іс-шаралар қазіргі уақытта да жалғасып жатыр.
Қан майданда от кешіп, қаза тапқан жауынгерлердің ұрпағы бүгін таңертең Шымкентте «Мәңгілік даңқ» шеруін ұйымдастырды. Соғыстан оралмаған боздақтардың суреттері мен аты-жөндері жазылған тақтайшаларды алып шықты.
Пердеш Есенбеков, Мақтарал ауданының тұрғыны:
Біздің отбасымыздан, Шомановтар әулетінен екі бірдей азамат соғысқа аттанып, соның бірі оралмады.
ІІ Дүниежүзілік соғысқа Оңтүстік өңірінен 140 мыңнан астам жауынгер аттанса, солардың жартысынан астамы қайтып оралмаған.
Зәуре Оралбаева, шеруді ұйымдастырушы:
Із-түзсіз жоғалғаны бар, осындай бейбіт өмірді көре алмағаны бар, тіпті соңында ұрпағы қалмағандар қаншама.
Бұдан бөлек, жауынгерлік асханада ұрыс даласындағыдай ас беріліп, шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Сондай-ақ, от пен оқтың ортасында жүріп, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ерлігі сөз болды. Жиналғандар есімдері тасқа қашалып жазылған майдангерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15