Ертең - «Эль-Класико». Каталониялық «Барселона» мен мадридтік «Реал» арасындағы кездесуді өткізіп алмаңыздар!
Ертең - желтоқсанның 3-інде футболдан Испания чемпионатының 14-ші туры аясында каталониялық «Барселона» өз алаңында мадридтік «Реал» клубымен кездеседі.
Бұл екі ұжым - Испания чемпионы атануға негізгі үміткерлер. Дәл қазір Ла Лиганың турнирлік кестесінде «Реал Мадрид» көш бастап тұр. Корольдік клуб 13 турдан кейін 33 ұпайға ие. Ал, «Барселона» 27 ұпайымен 2-ші орында келе жатыр.
Соңғы рет екі клуб 2 сәуір күні каталониялық команданың «Камп Ноу» стадионында кездесіп, Зиданның шәкірттері 1:2 есебімен басым түскен болатын.
Аталған матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция басталуы 21:10-да. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.
Екі футбол алыптарының айқасын өткізіп алмаңыздар!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12