Карлос Тевес әлемдегі жалақысы ең жоғары футболшы атанды
Аргентиналық «Бока Хуниорс» футболшысы Карлос Тевес қытайлық «Шанхай Шэньхуа» клубына ауысты. Енді Тевес аптасына 615 мың фунт стерлинг алып, әлемдегі жалақысы ең жоғары футболшы атанды. Бұған дейін бұл атақ «Реал Мадридтің» шабуылшысы әрі 2016 жылғы «Алтын доп» иегері Криштиану Роналдуға тиесілі болатын. Ол аптасына 365 мың фунт стерлинг көлемінде жалақы алады.
Өткен маусымда Тевес Аргентина чемпионатының 10 кездесуіне қатысып, 4 гол салды және әріптестеріне 6 нәтижелі пас шығарды.
Бұрын Тевес «Коринтианс» (Бразилия), «Ювентус» (Италия) және ағылшындық «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити» және «Вест Хэм Юнайтед» клубтарында өнер көрсеткен еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12