«Kazsport» телеарнасы бүгінгі «Барыс» - «Трактор» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін Астана қаласында жергілікті «Барыс» Челябинсктен келген «Трактор» ХК-на қарсы кездесу өткізеді. Бұл матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.Трансляцияның басталуы 19:20-да.
Қазақстандық хоккей клубы чемпионатта 41 ойын өткізіп, 59 ұпайымен 16-орында. Ал, ресейліктер лигада 42 кездесу өткізіп, кестеде 7-ші болып келе жатыр.
Қарсыластар соңғы рет 11 қазан күні Челябинскте кездескен, ойын 3:4 есебімен қазақстандық клуб пайдасына аяқталды.
Осы аптада «Барыс» бұдан басқа тағы бір ойын өткізеді:
25 желтоқсан, 16:50 «Барыс» - «Металлург»
Естеріңізге сала кетейік, матчты kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12