Аягөз тұрғыны мүгедектігіне дәрігерді кінәлайды
Алайда осы мерзім ішінде ауруы жазылудың орнына, одан әрі асқынған. Айықпас дертке шалдығып, 2 топтағы мүгедек атанған. Аудандағы дәрігерден қайыр болмай, қалаға қаралғанда ғана, бойындағы дерт мүлдем басқа екендігін білген. Енді мұндай күйге түсуіне кінәлі болғандар жауапқа тартылсын деп отыр.
Меруерт Жүнісақынова 2010 жылы аяғына қызыл дақтар пайда болып, Аягөздің аудандық ауруханасына жүгінген. Дәрігерлер дертті «жұқпалы тері қабынуы» деп тапқан. Сол диагнозбен үш жыл ем алады. Алайда жазылудың орнына екі аяғын жара басып, асқынып кетеді.
Меруерт Жүнісақынова, Аягөз қаласының тұрғыны:
Ем болған жоқ. Денсаулығым жақсарып келеді деп жаза береді. Барамын, жатамын. Ешқандай нәтиже жоқ болды. Міне, биыл төртінші жыл.
Аягөз аудандық ауруханасындағы диагноз қойып емдеген жоғары санаттағы дермотолог дәрігер болса, бүгінде Меруерттің бұл күйге түсуіне еш кінәлі емеспін дегенді айтып, ақталуда.
Еркеш Қилыбаева, Аягөз аудандық ауруханасының жоғары санаттағы дәрігер-дермотологі:
Егер қаралу керек болса, басқа облыстарға барып қаралсын. Мен өзіме қатысты емді жасадым. «Жұқпалы дерматитпен» әрбір екінші адам ауырады.
Үш жыл өткен соң дерті асқынған Меруерт, Семейдегі профессорлардың біріне қаралған. Ағзадағы кінәрат сол кезде бір-ақ анықталыпты. Оған мүлдем басқа «жүйелі васкулит», яғни қан тамырларының қабынуы деген диагноз қойылған.
Райфа Иванова, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Өкінішке қарай, науқас аудандық емханада «жұқпалы тері ауыруы» диагнозы бойынша емделіп келген. Мұның ревматизімдік ауру екендігін ешкім айтпаған. Бұл дерт енді толық емделеді деп айта алмаймыз. Өкініштісі, аудандарда ревматолог мамандар жоқ, ал терапевттер ревматизімдік ауруларды білмеуі мүмкін.
Қазір Меруерт дертіне байланысты 2-ші топтағы мүгедек. Жұмысқа жарамсыз. Екі баланың анасы 22 мың теңге жәрдемақыға күнелтіп отыр. Мұндай күйге түсуіме кінәлілер заңға тартылсын деп, аудандық ішкі істер бөліміне де арызданған. Алайда ол жерден де тиісті жауапты ала алмаған.
Меруерт Жүнісақынова, Аягөз қаласының тұрғыны:
Аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші іс қозғаған жоқ. Үш ай болды. Ешқандай жауап жоқ. Әкем, көкем деп шығарып салады.
Дәулет Қамаров, Аягөз аудандық ІІБ криминалисі:
Жүнісақынова Аягөз қаласында емделген, Семей қаласында емделген. Сол себепті құжатарды жинау уақыты созылды. Сараптамасы жинақталды.
Енді амалы таусылған соң, Меруерт Жүнісақынова прокуратураға шағымданды. Денсаулығына қатысты сот медициналық сараптама жүргізіліп, өз ісіне салғырт қарағандар жазалансын деп отыр.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Желтоқсан оқиғасының шындығын жеткізген шығармалар
21.12.2025, 20:35
Елдегі демографиялық ахуал қандай?
21.12.2025, 20:20
Жаңа заң: Келесі жылы банктерге қандай талап қойылады?
21.12.2025, 20:17
Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
21.12.2025, 20:10
Асанәлі Әшімов – қазақ киносының аңызы
21.12.2025, 20:05
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50