Медицина кадрларын даярлау - басты назарда
Елбасы Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен медицинаны дамыту арқылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттыру мақсаты қойылды. Оған қоса Президент «Еліміз медициналық туризмнің еуразиялық орталығына айналуы тиіс», деген болатын.
Семейдің Мемлекеттік медицина университетінің мамандары «Бүгінде бұл межеге жетуге барлық жағдай бар», деп отыр. Оның дәлелі ретінде оқыту мен емдеудің инновациялық әдістері бойынша оқу семинарын өткізді.
Оқытушылар мен студенттер тың технологияларды қолдану тәжірибелерін пысықтады. Клиникалық зерттеулерге қатысып, біліктіліктерін арттырды. Күрделі операцияларды заманауи құралдармен жасаудың әдістерін бақылады.
«Отандық медицина бүгінде озық үлгідегі технологияға қол жеткізіп отыр. Енді оны күнделікті өмірде қолдану үшін кадрлар біліктілігін арттыру - басты назарда», дейді мамандар.
Дәулет Дәуітов, медицина ғылымдарының кандидаты:
Студенттерді жаңа озық технологиялар бойынша оқыту әдістерін барынша толық меңгеріп, күнделікті жұмыста кеңінен қолданамыз. Науқас адамды дәлелді медицина талаптарына сай зерттеу және емдеу мәселесіне барынша көңіл бөлінуде.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Желтоқсан оқиғасының шындығын жеткізген шығармалар
21.12.2025, 20:35
Елдегі демографиялық ахуал қандай?
21.12.2025, 20:20
Жаңа заң: Келесі жылы банктерге қандай талап қойылады?
21.12.2025, 20:17
Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
21.12.2025, 20:10
Асанәлі Әшімов – қазақ киносының аңызы
21.12.2025, 20:05
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50