Индустрияландыру бағдарламасының игілігі
Индустриалды инновациялық даму бағдарламасы – ел экономикасын өрге сүйрейтін негізгі бағыт. Аталған бағдарламаға бір ғана Ақтөбе облысынан 83 жоба енген. Олардың 74-і қарқынды жұмыс істеп тұр. Ал, екінші бесжылдықта құны 600 миллиард теңге болатын 36 жоба іске асырылмақшы.
Өндіріс орындарын өркендету бағытында аймақта ауқымды жұмыстар қолға алынған. Жылына 1000 тонна өнім шығаратын макарон комбинаты маусым айында қолданысқа берілмек. Биыл 800-ге жуық тұрғын жаңа жұмыс орнымен қамтылады.
Ақтөбе қаласының жанында орналасқан өндірістік аймақтың құрылысын аяқтау міндеті де осы жылдың еншісінде. Сала басшылығы ұйымдастырған жиында өңірде жүзеге асатын өзге де ауқымды жобалар жөнінде айтылды.
Жақсыбек КЕМАЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06