Президент Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сума Чакрабартиді қабылдап, Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақты талқылады. Екеуара әңгіме барасында Президент пен банк басшысы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын тілге тиек етті. Әрі тараптар коронавирус індетінің әлемдік экономикаға кері ықпал туралы да пікір алмасты. Өз кезегінде Сума Чакрабарти Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік тізгінін алғанына жақында бір жыл толатынын атап өтіп, құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ мәртебелі мейман осы бір жыл ішінде елімізде атқарылған саяси және экономикалық реформаларға, әсіресе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына жоғары баға берді.
Альбина ӘШІМ
Автор
Альбина Әшім
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04