«Ақтөбе» футбол клубы екінші рет сатылымға шығарылмақ
Басынан дау арылмаған «Ақтөбе» футбол клубы екінші мәрте сатылымға шығарылатын болды. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Қарызға белшесінен батқан команданы 2018-інші жылдың күзінде Самат Смақов сенімгерлік басқаруға алған еді. Ол кезде клуб 100 миллион теңгеге бағаланды. Келісім бойынша, Смақов ұжымды сақтап, міндетті турнирлерге қатысуы тиіс болған. Одан бөлек, аймақтағы балалар футболын дамытуға міндеттелді. Алайда, былтыр еліміздің бес дүркін чемпионы Премьер-Лигадан бірінші лигаға түсіп қалды. Осы айда клубты бағалау жұмыстары жүреді. Анығы – комнда сенімгерлік басқаруға емес, бірден жекеге беріледі.
Жақсыбек КЕМАЛ
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04