Бозжырада қонақ үй салуға қатысты қоғамдық тыңдау өтті
Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында салынатын визит орталығын салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жиынға қоғам белсенділері, тәуелсіз экологтар мен тұрғындар қатысты. Инвесторлар Бозжырадан 4 шақырым жерге тұрғызылатын визит орталығының жобасын таныстырды. Кешеннің өсімдіктер мен жан-жануарлар әлеміне, жалпы қоршаған ортаға зияны болмайды. Керісінше, жабайы туризмге тосқауыл қойылып, саяхатшылар бір жерге тоқтайды, дейді жоба жетекшілері. Ал, жоба іске асқанда тұрақты 200 жұмыс орны ашылады. Экологтар мен тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер міндетті түрде ескерілетін болды.
Ержан Бекниязов, Қарақия ауданының тұрғыны:-Әлеуметтік нысан салуға қарсылығымыз жоқ. Жұмыс көзі ашылады. Отырған елдер сол жерде балқаймағы бар, айраны бар сол жерде қызметтік жұмыстар жасалады деп есептеймін.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04