Қызылордада үй өртеніп, бесіктегі сәби көз жұмды
Қызылорда қаласы, Қызылжарма елді мекенінде үй өртеніп, құндақтағы сәби ажал құшты. Түн ортасында қызыл жалынға оранған баспанада анасы мен бес баласы болған.
Өрт сөндірушілер келем дегенше тілсіз жау үйді толықтай шарпып, анасы 4 баласын ғана сыртқа шығарып үлгерген. Өкінішке орай, бесікте жатқан 6 айлық нәрестені аман алып қалуға мүмкіндік болмаған. Ал әкесі сол күні жұмыс бабымен жолға шығып кеткен. Қазір 27 жастағы әйел балаларымен ауруханда жатыр. Көпбалалы жас отбасы бірнеше жылдан бері қала шетіндегі қуықтай үйді жалдап келген. Далада қалған отбасына әзірге көршілері мен ауылдың мектеп ұжымы көмек қолын созуда.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04