Солтүстік Қазақстандағы Желяково ауылында 6 үй өртенді
Солтүстік Қазақстан облысының Желяково ауылында өрт шығып, 6 үй қора-қопсысымен жанып кетті.
Белгісіз біреулер қураған шөпті өртеген. Дауылдың кесірінен от жайылып, ауылға жеткен. Үш тұрғын үй және тағы бос тұрған үш үй түгел отқа оранды. Бөлімше ауылдан алыс орналасқандықтан, өрт сөндірушілер оқиға орнына 30 минуттан кейін ғана жеткен. Баспанасыз қалған тұрғындар әзірге туған-туыстарының үйін паналауда. Адамдар аман, мал шығыны бар.
Жанат Сәдуақасов, Қызылжар ауданының әкімі:
Әр отбасына 100 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Тұрғындармен кездесіп, қажетті құрылыс материлдар тізімі жасалды. Кейбіріне үй сатып алынады. Баспана, қора-қопсыны жөндеу жұмыстарына, жанып кеткен құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесеміз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04