Баянауыл ауданындағы кәсіпорын 19 жыл бойы салықтан жалтарып келген
Павлодар облысы Баянауыл ауданында кен орнын игерген кәсіпорын 19 жыл бойы салықтан жалтарып келген. Қиыршық тас пен құмды 20 есе шамадан тыс өндірген кәсіпорынның мемлкетке шығыны орасан дейді мамандар. Оның үстіне табиғатты қорғау прокуратурасы кен орнының кәсіпкерге заңсыз берілгенін де әшкереледі. Жер Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тиесілі болып шықты. Енді экология департаменті кәсіпорынның қоршаған ортаға қандай залал келтіргенін анықтайды. Ал кіріс органы шығын көлемін есептеп жатыр.
Сағын Төлеутаев, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:
Контракта 7 мың тонна өндіру керек болатын. Бізге де тапсырған отчет бойынша, салық департаментіне тапсырған отчет бойынша 7 мың тоннаны көрсетіп тұр. Ал, шын мәнінде бұл жалған ақпарат болып шығып, шын өндірілген көлем 140 мың тонна болды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04