Сыр өңірінде 36 адам суға батып кетті
Сыр өңірінде су айдындарында қайғылы жағдайлар толастамай тұр. Аймақта жыл басынан бері 36 адам судан ажал құшты. Өкінішке орай, оның 20-сы бала.
Аптап ыстықта судан сая іздеп, шомылуға барғандардың көбісі мектеп оқушылары. Өзен-көлдерде 3 жастағы сәбиден, 10-17 жас аралығындағы оқушылардың өмірі қиылған. Бүгінде құтқарушылар рейдттік шараларды күшейтіп, жағалауларды торуылдағанымен рұқсат етілмеген жерлерде суға түсетіндер әлі көп.
Мейрамбек Доспенбетов, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары:Соңғы іздестіру жұмыстары Арал ауданында Ақеспе Кіші Арал теңізінде қайықпен серуендеуге шығып, қайықтан құлап кеткен бойынша хабарлама түсті. Сол бойынша қазір жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы бір техника іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Облыс тұрғындарына айтарым белгіленбеген аймаққа суға түсуге болмайды. Суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын сұраймыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04