Якутияда орман өрті дес бермей тұр
Якутияда бір айдан астам уақыт бойы орман өрті дес бермей жатыр. Жалын 1,5 млн гектар орман алқабын күлге айналдырған. Экология жанашырлары жағдай тамыздың ортасына дейін тұрақталмайтынын айтып дабыл қақты. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Якутия аумағында 205 от ошағы тіркелген. Соның ішінде «Лена бағаналары» тәрізді ЮНЕСКО-ның табиғи мұралар тізіміндегі ерекше қорғалатын аймақтар да бар. Өткен аптада өрттен шыққан түтін Якутия астанасына тарап, әуежай жұмысы тоқтатылды. Ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшері әдеттегіден 2 есе артқан.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15
Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын талқылады
25.11.2026, 17:13
Әлемдік технологияда әлеуетіміз артып келеді
25.11.2026, 17:11