Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
Елімізде мыңнан астам минералды бұлақ бар. Олардың 600-ге жуығы емдік қасиетімен ерекшеленеді. Алайда осы табиғи байлықты тиімді пайдалану мәселесі әлі де өзекті болып отыр. «Әділет» партиясында осы саланы дамыту жайы талқыланды. Сарапшылар шипажайлар мен курорттардың жұмысын реттейтін жеке заң қабылдау мәселесін көтерді. Сондай-ақ заңнамада медициналық оңалту мен шипажайда емделудің аражігін ажыратуды ұсынды. Бұдан бөлек, шипажайларда емдеу тәртібіне ортақ талаптар енгізіп, Қазақстандағы емдік қасиеті бар табиғи ресурстар туралы мәліметтер жинақталған бірыңғай база құру керектігін атап өтті. Биыл 151 мыңға жуық адамға шипажайға жолдама беріліп, 103 мың адам ем қабылдаған.
Ержан Жылқыбаев, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:
Мемлекетіміз бойынша шипажай-курорт саласында 333 субъект тіркелген екен. Соның 86 пайызы жекеменшік. Өңірлер арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін көріп отырмыз. Мысалы Түркістан облысында 117 субъект тіркелсе, Ұлытау облысында 1-ақ объект тіркеліп отыр. Әрине дисбаланс. Демек саланың даму мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру керекпіз деп ойлаймыз.
Шолпан Каринова, Құрылтай депутаты:
Емдеу мекемелерінің кей мәселелерде салалық заңнамада қарастырылғанымен, көп жағдайларда шешілмеген мәселелелері бар екені анықталды. Осыған байланысты «Әділет» партиясының бағдарламасында көрсетілген мақсаттар аясында Құрылтай депутаттары тарапынан заңға өзгерістер енгізу, заң қабылдау мәселесіне қатысты жұмыстар басталатын болады.
Читайте также
Все