Главная Новости Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын талқылады

Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын талқылады

Ішімдікке салыну мен құмар ойынға тәуелділік – отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі себептерінің бірі. Қаржылық қиындық пен психологиялық ахуал да жанжалдың ушығуына әсер етеді. Алматыда өткен халықаралық жиында мамандар жанұядағы әлімжеттіктің себеп-салдарын талқылап, оның алдын алу жолдарын ұсынды. Қауіптісі – зорлық-зомбылықты көріп өскен бала мұндай әрекетті қалыпты жағдай деп қабылдап, есейгенде өзі де қайталауы мүмкін. Мәселенің ауқымы статистикадан да байқалады. Биылғы тоғыз айда елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 90 мыңнан астам адам жауапқа тартылған. Олардың 25 мыңы қамауға алыныпты. Жиында Орталық Азия елдерінің өкілдері тәжірибе алмасып, отбасындағы озбырлықтың алдын алудың тиімді тетіктерін талқылады.

Ақмарал Серікбаева, ҚР ІММ басқарма бастығы:

Ұлттық заңнамамызға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Оның ішінде жазаны қатаңдату, алдын алу тетіктері енгізіліп жатыр. Одан басқа, бұрын мүлде біздің Қылмыстық кодексте болмаған жаңа нормалар да енгізіліп жатыр.

Снежанна Имашева, Құрылтай депутаты:

Бүкіл зорлық-зомбылық болып қойғаннан кейінгі жүйе бар. Бір жерде жақсы жасайды, бір жерде күш керек. Бірақ алдын алу жұмыстарына біз көп мән бере бермейміз. Сондықтан бүгінгі конференция – агрессорлармен жұмыс жасау.

Поделиться