«Qazaqstan дауысы» жобасы «тікелей эфир» кезеңін бастайды
Осы сенбіде «Qazaqstan дауысы» жобасы «тікелей эфир» кезеңін бастайды. Сайысқа сайдың тасындай іріктелген ең үздік 16 өнерпаз қатысып, өзара бақ сынамақ. Жаңа кезең 4 аптаға жалғасады. Көрермен өзінің көзайым болған өнерпазына дауыс беріп, 4 әншіні финалға шығарады. Тікелей эфирде өнер көрсететіндіктен көпшілігінде іштей қобалжу да жоқ емес. Ендеше, нағыз таланттарға бірге жанкүйер болайық. Еліміздегі ең үздік ән бәйгесін әр сенбі сайын сағат 20:40-та «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар.
Аида Тілеухан, «Qazaqstan дауысы» жобасының продюсері :
«Тікелей эфир» кезеңіне тоқталатын болсақ, бұл кезеңнің басты ерекшелігі осыған дейін формат бойынша қатысушыларды ашу керек болды, көрсету керек болды. Ешқандай қойылым қойылмайтын. Осы кезеңнен бастап әр қатысушыға, әр әнге қойылым қойылады. Шоу болады. Күтіңіздер.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04