Ақтау, Жаңаөзен қалаларында алаңға жиналғандар тарқады
Жаңаөзен қаласында алаңға жиналғандар тарқады. Жолдар ашылып, жағдай тұрақталды. Ақтау қаласында да жиналған топ тараған. Жол бойына тігілген темір үйлер жығылып, жолдар ашылды.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Жаңаөзен қаласында жиналған топ осыдан 1 сағат бұрын тарады. Темір үйлер жиналып, бірнеше күннен бері жабық тұрған жолдар ашылды. Облыс орталығы Ақтауда да жағдай тұрақталды. Бір апта бойы «Ынтымақ» алаңына жиналған тұрғындар бүгін түске жақын толықтай тарады. Жол бойына тігілген үйлер жиналып, коммуналдық қызметкерлер тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір қалада қоғамдық көліктер емін-еркін жүруде. Облыста барлық коммуналдық қызмет қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Ауданаралық жолдар түгел ашық. Теміржол мен әуе қатынасы қалпына келді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04